Ресейдегі «Эбеко» жанартауы күл шашты

Ресейдің Сахалин облысындағы Парамушир аралында Эбеко жанартауы аспанға күл шашып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жанартаудан шыққан күл 4 шақырымдай биіктікке көтеріліп, түтіні 10 шақырымдай жерге созылған. Отты тау алдында қатты гүріл естіліп, халықтың зәресін алған. Мамандар бұл жанартаудың атқылауы мүмкін екенін көрсетеді деп отыр. Қазір өңірде әуе көліктері үшін қауіптің қызғылт-сары түсі жарияланған. Бірақ билік отты таудан халыққа еш қауіп жоқ екенін айтады.