Қырымда теңіз жағалауын медуза қаптап кетті

Қырым түбегіндегі теңіз жағалауында медуза қаптады. Өйткені ауа райының қолайсыздығынан теңіз суындағы тұз мөлшері артып, медузалар жағаға шығып қалған.

Енді мұның кесірі демалуға келген жұртқа тиіп тұр. Ал ғалымдар медузалардың саны әлі де артатынын айтады. Құбылыс қыркүйектің соңына дейін жалғасады.

Айта кетейік, медузалардың жаппай жағаға шығуы Азов теңізіндегі алғашқы жағдай емес. Былтыр да дәл осылай болған.

Алена Пляс, турист:

- Медуза өте көп. Суға түсу мүмкін емес. Оларды кимелеп, әйтеуір жүзуге тырысасың. Бірақ тиіп кетсең денең тітіркенеді. Шағып алатыны тағы бар.