Таиланд вакцина дозасын үнемдейтін құрылғы ойлап тапты

Таиландта коронавирусқа қарсы вакцина дозаларын көбейтетін құрылғы ойлап табылды. Құрылғы құтыдағы препаратты ысырап қылмайды. Соның арқасында екпе санын 20 процентке арттыруға мүмкіндік туған.

Десе де, әлгі аппарат әзірге тек біреу. Және тек AstraZeneca вакцинасымен ғана жұмыс істейді. Сондықтан мамандар көп ұзамай Pfizer мен Moderna препараттарына арналған техниканы да жасап шығармақ. Бірақ ол үшін мемлекет тарапынан қолдау керек екен.

Айта кетейік, қазір Таиландта вакциналау қарқыны төмен. Осы уақытқа дейін халықтың 9 пайызы ғана екпе салдырған. Бұған препарат жетіспеушілігі кедергі болып тұр.

Ютамас Ратанаварапорн, зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері: 

- Вакцинаны 20 процентке арттыру дегеніміз былай. Мәселен, бізде бір миллион адамға жетерлік препарат бар делік. Аталған құрылғының көмегімен біз доза санын 1 миллион 200 мың адамға жететіндей ете аламыз. Бір жағынан ол медицина қызметкерлері жұмысын да жеңілдете түседі. Өйткені дәл қазір олардың жұмысы өте қауырт.  

Естеріңізге сала кетейік, Таиландта індет басталғалы 1 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. Тағы 10 мыңдай кісі қайтыс болды.

Сондай-ақ...