Нигерияда қаскөйлер шабуылынан 36 адам көз жұмды

Нигерияда қаруланған қаскөйлер елді мекенге шабуыл жасап, 36 адамның өмірін қиды.

Оқиға Джос қаласында орын алды. Белгілі болғандай, қылмыскерлер үй-үйді аралап, адамдарды өлтіре бастаған. Бұл қадамға не себептен барғандары әзірге белгісіз. Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар деп танылған 10 күдіктіні қолға түсірді. Ал жергілікті билік аймақта коменданттық сағат жариялады. Қылмыстық оқиғаға қатысты тергеу ісі жалғасып жатыр.