Атлант мұхитына сапарға шыққан 46 заңсыз мигрант құтқарылды

Испанияның жағалау күзеті Атлант мұхитында сапарға шыққан 46 заңсыз мигрантты өлім аузынан аман алып қалды.

Апатқа ұшыраған кеме бортында 30 ер, 14 әйел, бір кәмелет жасқа толмаған бала мен бір нәресте бар. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бірнеше адамға медициналық көмек қажет болды. Екеуі ауруханаға түсті. Құтқару операциясы Гран-Канария жағалауында орын алды.

Айта кетейік, Биыл Батыс Африка елдерінен 8 мың 200-ден астам адам Канар аралдарына жетпек болып жолға шыққан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе артық көрсеткіш.

Сондай-ақ...