Америкалық компания адамдарды ақылы эвакуациялауды ұсынды

«Блэк-вотер» деп аталатын америкалық жекеменшік әскери компания Кабулдан азаматтарды чартерлі рейспен ақылы көшіру қызметін ұсынды.

Бірлестік эвакуациялауды кезексіз жүзеге асыруға уәде етіп отыр. Бұл туралы «Уол стрит Джорнал» басылымы хабарлады. Мұндай қызметтің құны 6,5 мың доллар тұрады. Оған адамдарды әуежайға қауіпсіз жеткізу мен әуе кемесіне дейін алып жүру кіреді екен.

Кабулда адамдарды эвакуациялау әлі жүріп жатыр. Батыс әскерилері соңғы бір күнде тағы 19 мың адамды көшірген