Ресей Кабулдан 500-ден асам адамды эвакуациялады

Ресейдің 4 әскери ұшағы Кабул әуежайынан 500-ден астам адамды эвакуациялады.

Олардың арасында Ресей, Украина, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстан мен Қырғызстан азаматтары бар. Бұл туралы осы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлайды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, әр әуе көлігінің бортында медицина қызметкерлері, қажетті заттар, азық-түлік пен ауыз су болды.