Түркия Ауғанстаннан әскерін шығара бастады  

Түркия Ауғанстаннан әскерін шығара бастады. Тиісті ақпарат елдің қорғаныс министрлігінің ресми парақшасында жарияланды.

Түрік қарулы күштерін эвакуациялау жөніндегі шешім әртүрлі келіссөздер мен елдегі жағдайға байланысты қабылданған. Мәлімдемеде белгілі шарттар жүзеге асқан жағдайда Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайдағы 6 жыл бойғы атқарған қауіпсіздік пен халықаралық стандарттар аясындағы әкімшілік басқаруын жалғастыруға дайын екені жазылған.

Айта кеткен жөн, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәселені шешу үшін Талибан лаңкестік ұйымымен келіссөзге дайын екенін жеткізген.