Қытайда жойқын торнадо ойран салды

Қытайдың солтүстік шығысындағы Хулудао қаласында жойқын торнадо ойран салды. Табиғаттың тосын мінезінен бір адам зардап шекті. 

Құйын қас қағым сәтте 50-ге жуық үйді қиратып, ондаған ағашты құлатып тастаған. Кей жерлерде ағаштар түп орнымен жұлынған. Одан бөлек көшедегі шамдар жарылып, электр сымдары үзіліп қалған. Зақымдалған баспаналардың тұрғындары уақытша эвакуацияланды. Қазір апаттан зардап шеккен аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал жарақат алған бір адам ауруханада жатыр.

 

 

Сондай-ақ...