Францияда 65 жастан асқан адамдарға үшінші рет екпе салынады

Францияда жақын арада коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші екпесі салынатын болды. Бұл жөнінде елдің Жоғары медициналық Кеңесі өз нұсқауын берді.

Ғалымдар егде жастағы диализ пен химиотерапия өтіп жатқан және трансплантация жасаған кісілердің иммунитетіне алаңдап отыр. Ең алдымен олар үшінші екпе салдыруы керек. Францияда осы шараның қыркүйек айының ортасынан басталатын түрі бар. Қазір елде 40 миллионан аса адам толық вакциналанған. Бұл – кәмелетке жеткен халықтың 76%-і. Осыған қарамастан, індеттің төртінші толқыны әлі басылар емес. Күн сайын шамамен 21 мың дерек тіркеліп отыр. Жазғы демалыс маусымы кезінде шипажайлар орналасқан өңірлерде ауруханалар толып кетті.

Габриэль Атталь, Франция үкіметінің ресми өкілі:

– Халықтың осал топтарының иммунитетін күшейту қажет. Екпе салдырғаннан кейін 6 ай уақыт өтсе, қорғаныс қабілеті төмендеп кетуі мүмкін. 65 жастан асқан және созылмалы ауруы бар кісілерге үшінші екпе салдыруға нұсқау беріліп отыр. Қайта вакциналаудың реті белгіленеді, алдағы күндері үкімет екпе салу кестесін ұсынады.

 

Сондай-ақ...