Мексикада әскери тікұшақтың құлау сәті видеоға түсіп қалды

Мексиканың Әскери-теңіз күштері министрлігінің Ми-17 тікұшағының құлау сәті видеоға түсіп қалды. Оқиға видеосын куәгерлер әлеуметтік желілерде жариялады.

Видеода тікұшақтың биіктігін күрт жоғалтып, айнала бастағанын және нәтижесінде құлағанын көруге болады.

Тікұшақ бортында барлығы 20 адам болған, оның ішінде Веракрус штатының билік өкілдері мен әскери қызметкерлер бар, олардың төртеуі жарақат алған.

Атап айтқанда, бортта ішкі істер министрі Эрик Сиснерос болды. Ол жеңіл жарақат алды. Апат салдарынан қаза тапқандар жоқ.