Жапонияда адам өміріне қауіпті сырғанақ кешені жабылды

Жапонияның Фудзиёсида қаласындағы ойын-сауық паркінде америкалық сырғанақ кешені жабылды.

Оған бірнеше адамның ауыр жарақат алуы себеп болды. Ескеретін жайт, сырғанақтың жылдамдығы сағатына 180 шақырымға дейін жетеді. Желтоқсан айынан бері мұнда көңіл көтеруге келген 4 адамның сүйегі сынып, тағы 9-ы жарақат алған.

Айта кетейік, «Фудзикю Хайленд» деп аталатын кешен әлемдегі ең жылдам сырғанақтың бірі саналады.