425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Боливиядағы орман өрті табиғи қорыққа жетті

  • 91
  • UPD: 15:29, 26.08.2021
Боливиядағы орман өрті табиғи қорыққа жетті

Боливияның Санта-Крус провинциясындағы орман өрті Немби Гуасу қорығына жетті.

Лаулаған жалын қазірге дейін 600 мың гектар жерді күлге айналдырып, жүздеген жануар қырылған. Жергілікті билік орман өртінен аймақтың 73 процент аумағына қауіп төнгенін айтады. Табиғат апатына байланысты 9 қалада төтенше жағдай жарияланды. Тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші күресіп жатыр. Алайда ауа райының ыстық әрі желді болуы кедергі келтіріп отыр.

Джерхес Суарес, мал дәрігері:

– Мына жерде өрттен барлығы тып-типыл жанып кетті. Ал мына екі қабылан тыныс ала алмай өліп қалды. Түтіннен көп жануар қырылды.

Хабар 24 телеарнасы