Әлемді коронавирустың күзгі толқыны күтіп тұр – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы осындай ескерту жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, алдағы айларда жер бетіндегі вирус жұқтыру көрсеткіші одан сайын арта түседі. Оған коронавирустың жаңа түрлері түрткі болады. Жалпы күз мезгілі індеттің ең қиын кезеңі болуы мүмкін дейді ұйым басшысы. Осыған байланысты Тедрос Гебрейесус әлем халқын вакцина алып, сақтық шараларын сақтауға шақырды.