АҚШ 36 сағат ішінде Ауғанстандағы эвакуация жұмыстарын аяқтайды

АҚШ 36 сағат ішінде ауған жерінен өз азаматтарын эвакуациялауды аяқтамақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ ол үшін кемі 150 адамның Кабул әуежайына жетуіне көмек керек. CNN телеарнасы осындай ақпар таратты.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Америка Ауғанстаннан 200 адамды алып шықты. Осылайша Құрама Штаттарға қайтқан америкалықтардың жалпы саны шамамен 5 мыңға жетті. Бұған дейін АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис Ауғанстаннан жалпы 80 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын мәлімдеген болатын.