Өзбекстанның бірнеше өңірінде құйын жүрді

Өзбекстанның бірнеше өңірінде құм көтеріліп, дауыл тұрды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше Ташкент пен Әндіжан облыстарында құйын жүрген. Алайда өзбекстандық синоптиктер жұртты алаңдамауға шақырып отыр. Олардың айтуынша, мұндай құбылыс Тәжікстандағы Памир тауларындағы жоғары қысымды ауаның Ферғана алқабындағы төмен қысымды ауасы бар аудандарына күрт ойысуынан туындаған. Яғни өткінші құбылыс. Узгидрометтің хабарлауынша, құмды дауыл қуаңшылық кезінде жиі болады.