423,91 504.32 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Кабулда болған екі жарылыстан 13 адам қаза тапты

  • 163
  • UPD: 00:15, 27.08.2021
Кабулда болған екі жарылыстан 13 адам қаза тапты РБК

Кабул әуежайы маңында екі ірі жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екеуінің арасы жарты сағат. Рейтер агенттігінің мәліметіне сәйкес, 13 адам көз жұмған. Арасында балалар да бар. Бұдан бөлек, ондаған азамат жарақат алған. Алдын ала дерек бойынша, екі жарылысты да террористер ұйымдастырған. Олар өздерін жарып жіберген. Белгілі болғандай, жарылыс алдында әуежай маңында адам қарасы көп болыпты. Айта кетейік, бұған дейін тәліптер НАТО өкілдерін Кабул әуежайына террорлық қауіп төніп тұрғанын ескерткен болатын.

* Еске сала кетсек, «Талибан» ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.

Кабулда жойқын жарылыс болды

Хабар 24 телеарнасы