Кабулдағы жарылысты «Ирак пен Левант» лаңкестік ұйымы ұйымдастырған

Кабул әуежайы маңында ірі жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейтер агенттігінің мәліметіне сәйкес, 13 адам көз жұмған. Арасында балалар да бар. Бұдан бөлек, ондаған азамат жарақат алды. Белгілі болғандай, террорист өзін жарып жіберген. Оны «Ирак пен Левант» лаңкестік ұйымы ұйымдастырған.

Айта кетейік, бұған дейін тәліптер НАТО өкілдерін Кабул әуежайына террорлық қауіп төніп тұрғанын ескерткен болатын.

* Еске сала кетсек, «Талибан» ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.