Дания жаңбыр суын кәдесіне жаратады. Ішуге жарамды бола ма?

Данияда алғаш рет жаңбыр суын қолдану бойынша пилоттық жоба қолға алынды.

Қазір осы елдегі қалалардың біріне арнайы жүйе орнатылып жатыр. Ол жаңбыр суын тазартады. Кейіннен оны үй жинау немесе кір жууға қолдануға болады. Жалпы бұл жобаның негізгі мақсаты қаланы су тасқынынан сақтау, әрі су қорын үнемдеу. Осылайша жергілікті билік жерасты суларын қолдануды 3 есеге азайтпақ ниетте.