Қазақстандықтар Кореядан газбен жүретін көлікті жиі сатып алады

Пандемия кезінде Оңтүстік Кореяда ескі автокөлік экспорты өсті. Сарапшылар мұны жүргізушілерінің енді шетелге саяхат жасай алмауымен байланыстырады. Машиналар экспортпен айналысатын бизнесмендер арасында көптеген қазақстандықтар бар.

- Ну что ж, друзья, сегодня мы подробно расскажем о том, как происходит процесс выбора, выкупа и отправки автомобиля заказчикам в страны СНГ. 

Жерлесіміз Дмитрий Лидің Кореяда тұрып жатқанына 3 жыл болды. Қазақтың күйеу баласы астанада ағылшын тіліндегі Kazakh TV телеарнасында жаңалықтарды жүргізді. Бұл тәжірибе Дмитрийге Кореяда көлік экспорттайтын компанияны ашуға көмектесті. Қазір оның бейнеблогына 16 мыңнан астам адам жазылған.

Дмитрий Ли, компания президенті: 

- Қазақстанға 2019 және одан жоғары жылдан бастап автокөліктерді әкелу тиімдірек. Сондықтан автомобиль сегменті де өте қымбат. Ол шамамен 20-22 мың доллардан басталады. Яғни мұндай машиналардың бағасы 28-30 мың доллар болуы мүмкін.

- По всем вопросам прошу обращаться в личку. Звоните, пишите на уотсап.

Қазақстандық Ерлан Қабенов Кореяда тұрып жатқанын 16 жыл болды. Ол автобизнеспен биылдан бастап айналысып жүр. Айтуынша, кедендік баждың жоғары болуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне автокөліктерді әкелу тиімсіз. Сондықтан Қазақстаннан тапсырыс аз және тек 3 жылдан аспайтын қымбат көліктерге келеді.

Ерлан Қабенов, компания президенті:

- 5 жарым - 6 миллион теңге. Бұл сомаға Кореядан Қазақстанға автокөлікті әкелу мүмкін. Меніңше, тұрғындар пандемия кезінде аздап дүрбелеңге түскендей. Ақшаны бір жерге салу керек. Біреулер жылжымайтын мүлікке инвестиция салады, біреулер көлік сатып алады.

Владислав Цой, тілші:

- Қазақстандықтар газбен жүретін кореялық автокөліктерді жиі сатып алатын болды. Бұл үлгілерін өндірушілер өз зауыттарында шығаратындықтан оған сенімі мол. Ал Қазақстанда қозғалтқыштарды газға шағын кәсіпорындар ауыстыратыны белгілі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстанға ескі автокөліктер әкеленетін елдер тізімінде Корея 4 немесе 5-орында тұр. Оның үстіне 2019 жылдан бастап бұл елден келетін автокөліктердің саны тұрақты түрде өсіп келеді. Алайда Дмитрий Ли мен Ерлан Кабеновке тапсырыстардың көпшілігі Еуропа мен Таяу Шығыстан келеді. 

Владислав Цой, Ольга Лян