Францияда мұғалімдер мен оқушылардың ковидке қарсы вакцина алуы міндеттелмейді

Францияда мұғалімдер мен оқушылардың ковидке қарсы вакцина алуы міндеттелмейді

Францияда жаңа оқу жылы мұғалімдер мен оқушылардың коронавирусқа қарсы егілуі міндеттелмейді. Бұл туралы жергілікті билік мәлім етті.

Себебі бесінші республикада оқытушылар жұқпалы дертке қарсы өз еркімен ең көп егілген топ қатарына жатқызылған. Елде коронавирусқа қарсы мұғалімдердің 79 проценті толық вакциналанған. Ал екпенің бірінші дозасын алған оқытушылардың жалпы саны 90 процентке жеткен. Бірақ жаңа тәртіпке сай оқу орындарында індеттің өршімеуі үшін қызметкерлер аптасына екі рет, ал 12 жастан төмен балалар екі аптада бір рет  ПТР-тест тапсырып тұрады. Егер вирусты жұқтыру дерегі тіркелсе, дерт шыққан сынып оқушылары бірден қашықтан оқуға көшіріледі.

Жан-Мишель Бланкер, Францияның білім министрі:

- Біз халықтың бұрынғы өмірге тезірек оралуы үшін кей жағдайда вакцина салдыруды міндеттеуге мәжбүрміз. Бірақ мен бұл шара азаматтардың бостандығын шектейді дегенмен келіспеймін. Біздің еркіндігіміздің жауы - ол вирус. Ал вакцина керісінше - біздің бостандығымыздың көмекшісі. Халық мұны түсінеді деп үміттенемін.

Францияда коронавирусқа қарсы вакцинаны 12 жасқа толған оқушыларға салуға рұқсат етілген. Қазірге дейін дертке қарсы жасөспірмдердің 57 проценті егілген. 16 жастан бастап балаға вакцина салу үшін ата-ананың рұқсаты жоқ.