Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды

Қытайда коронавирусқа қарсы екі миллиардтан аса екпе салынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 890 миллион адам толық вакциналанған.

Яғни екпенің екі дозасын да қабылдаған. Елде негізінен «Синофарм» және «Синовак» компаниялары шығарған инактивті вакциналар қолданылып келеді. Тамыз айынан бастап 12 мен 17 жас аралығындағы балаларға екпе салынып жатыр. Оқу жылы басталар алдында билік өкілдері мұғалімдер мен оқушыларға вакцина алуға нұсқау берді.

Жергілікті сарапшылардың айтуынша, вакциналаудың қазіргі қарқынымен жылдың аяғына дейін 80 проценттік ұжымдық иммунитет қалыптасуы мүмкін.

Сондай-ақ...