Кабул әуежайында лаңкестердің шабуылы тағы қайталануы мүмкін

Кабул әужайында соңғы 12 күннің ішінде аймақтан шамамен 105 мың адам шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кей сарапшылар әуежайда лаңкестердің шабуылы тағы қайталануы мүмкін деген болжам жасайды. Осыған орай ондағы шетел әскерилері жоғары дайындықта тұр. Вашингтон тамыздың 31-інен кейін де АҚШ-азаматтарын ауған жерінен эвакуациялау мәселесін шешу үшін тәліптермен келіссөздер жүретінін хабарлады.

Джен Псаки, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:

– «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымынан қауіп әлі де бар. АҚШ әскері ауған жерінде тамыздың 31-іне дейін болады. Бұл мерзім өзгерген жоқ. Ал тамыздың 31-інен кейін де Ауғанстандағы америкалықтар мен визасы бар азаматтарды елден шығару үшін «Талибан» қозғалысымен келіссөздер жүретін болады.

* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.