Әзербайжанда жалған ковид-төлқұжатты саудалаған 17 медицина қызметкері ұсталды

Бұл туралы «Хабар 24» осы елдің бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, жалған құжат 300 манат немесе 75 мың теңгеге сатылған. Оны иелегендердің көбінде ауруханаға келмесе де, электрондық тіркеу жүйесінде дәрігерлердің қабылдауында болды деген жазбасы бар. Айта кетейік, Әзербайжандағы эпидахуал осы айдың басында күрделене түсті. Енді күніне 3 мыңнан астам науқас тіркелуде. Өлім-жітім көрсеткіші де 3 есеге артып кеткен.

Айнура Мамедова, дәрігер:

– Өкінішке қарай соңғы кездері вакцина төлқұжаты бар науқастар ауыр халде ауруханаға түседі. Біз оларды бірден жансақтау бөліміне жібереміз. Кейін науқастар сертификаттары жалған екенін мойындап жатады. Ковид-төлқұжатты сатып алу өз өмірлеріне қауіп төндірумен тең. Екпе салдырғандар вирусты жұқтырған күннің өзінде ауруды оңай жеңіп шығуы керек.