Кабул әуежайының маңында атыс болды

Ауғанстанда Кабул әуежайының маңында тағы да атыс болды.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, тәліптер жиналған халықты тарату үшін оқ атқан болуы мүмкін.

Әзірге мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Атыстан кейін әуежай маңына жиналғандардың қарасы сейіле бастады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Атыстың кімдер тарапынан болғаны да белгісіз.