Тәліптер тұрғындарға қару-жарақты тапсыруды бұйырды

Ауғанстанда наразы халық банктердің ашылуын талап етеді.

Ауғанстанда наразы халық банктердің ашылуын талап етеді. Ашуға бой алдырғандар қаржы ғимараттарының алдында күнде жиналады. Аймақтағы банктер жарты айдан астам уақыт бойы жұмыс істемейді. Тәліптердің үйіп төгіп берген уәдесіне қарамастан, елдегі ахуалдың оңалатын түрі жоқ дейді наразы халық. Тұрғындардың ақшалары таусылып, күн көрісі қиындай бастады. Көбі қаржының жоқтығынан елден шыға алмай отыр.

– Біз жалақымызды алу үшін келген жоқпыз. Бұл біздің жиған тергеніміз. Сауда жасап тыным таппай жұмыс істедік. Өз ақшамызды алуға құқымыз бар. Әйтпесе көк тиынсыз қалайын деп отырмыз.

 Ал билік басына келген тәліптер бір аптаның ішінде Кабул тұрғындарына қолда бар барлық қару-жарақ пен автокөліктерін тапсыруды бұйырды. Бұл туралы талибан қозғалысының өкілі хабарлады. Айтуынша талапқа бағынбағандарға шара қолданылады. 

Айта кетейік, бұған дейін тәліптер аймақтағы қауіпсіздікті өздері қамтамасыз етеді деп уәде берген еді.

Сондай-ақ...