Йеменде әуе шабуылдарынан 30 адам қаза тапты

Йеменнің оңтүстігіндегі Лахдж провинциясында орналасқан Эль-Анад әскери әуе базасына жасалған соққы нәтижесінде кем дегенде 30 әскери қаза тапты.

Тағы 60 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл туралы жексенбіде елдің Қарулы күштерінің өкіліне сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлайды.

Йемен әуе күштерінің мәліметінше, бұл шабуылдардың артында көтерілісші хуситтер тұр.

Эль-Анад базасы елдің уақытша астанасы болып саналатын Аден портты қаласынан солтүстікке қарай 60 км жерде орналасқан.

Сондай-ақ...