Байден Ауғанстандағы АҚШ дипломаттарын елге қайтарады

Бұл туралы Washington Post басылымы хабарлады.

Ондағы ақпаратқа сүйенсек, Ақ үй басшысы алдағы күндері бұл мәселеге байланысты жиын өткізбек. Оған АҚШ-тың Ауғанстандағы істер бойынша сенімді өкілі Росс Уилсон мен елшіілік қызметкерлері қатысады.

Еске салайық, бұған дейін бұл басылым америкалық дипломаттардың ауған жерінде жұмысын жалғастыру мүмкіндігі туралы жазған. Ал ресми Вашингон Ауғанстандағы дипломатиялық миссияның қызметі туралы толыққанды ақпарат таратқан жоқ.