Антониу Гутерриш: Ядролық сынақтарды заңсыз деп қабылдайтын кез келді

Жер бетінде ұйымдастырылған барлық ядролық сынақты заңсыз деп қабылдайтын кез келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттериш твиттердегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, ядролық сынақтардан зардап шеккен аймақтың экологиясына, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына орны толмас зиян келді.

Естеріңізге салайық, Қазақстанның бастамасымен халықаралық Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні 2009 жылдың желтоқсанында БҰҰ-ның алпыс төртінші бас ассамблеясында бекітілген еді.

Сондай-ақ...