Қырғызстанның Жоғары кеңесі 90 депутаттан жасақталады

Қырғызстанда парламенттік сайлау қарашаның 28-іне өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті қаулыға ел президенті Садыр Жапаров қол қойды.

Айта кетейік, конституцияға сәйкес енді мемлекеттің Жоғары кеңесі 90 депутаттан жасақталады. Олар 5 жылға сайланады. Ал қаңтар айында жүргізілген сауалнамаға сәйкес халықтың 80 проценті президенттік басқаруды қайтаруды қолдап, дауыс берген.