АҚШ әскері Кабулдағы тұрғын үйлердің бірін зымыранмен атқылаған

Ауғанстан астанасы Кабул қаласында жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ әскері тұрғын үйлердің бірін зымыранмен атқылаған. Бұл шабуылдан бірнеше адам қаза тапқан. Арасында бір бала бар. Жарылыс құрбандары мен жапа шеккендердің нақты саны әзірше белгісіз. Ассошейтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, АҚШ әскері жанкешті содыр отырған автокөлікті көздеген. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ол өзін әуежайда жарып жібермек болған.  

Сондай-ақ...