Йемендегі әуе шабуылы: құрбандар саны көбеюі мүмкін

Йеменде хусит жасақтары Әл-Анад әскери әуе базасына соққы жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шабуылға пилотсыз ұшақтар мен баллистикалық зымырандары қолданылған. 30-дан аса жауынгер қаза тауып, 60-қа жуығы жараланды. Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, құтқарушылар оқиға орнын әлі аршып жатыр. Сондықтан құрбандар саны әлі де көбеюі мүмкін. Йеменде азамат соғысы 2014 жылы басталған болатын. Сол кезде хусит жасақтары ел астанасы – Сана қаласын басып алып, үкіметті биліктен тайдырды. 2015 жылы Сауд Арабиясы бастаған коалиция бұл жанжалға араласып, билікті қалпына келтірмек болған. Алайда әлі күнге дейін нәтиже жоқ.