Иранға күн сайын мыңға жуық ауған босқыны келеді

Күн сайын бір мыңға жуық Ауғанстан тұрғыны Догхарун өткелі арқылы Иранға өтіп жатыр. Бұл өткел Ауғанстанның батыс өңіріндегі Герат қаласы мен Иранның екінші ірі шаһары - Мешхед арасында орналасқан.

Келімсектер шекарада коронавирус ауруына тексеруден өтеді. Олардың біразы Иранда қалғысы келмейді. Түркияға және одан әрі өзге елдерге баруды көздеп отыр. Осыған байланысты түрік үкіметі Иранмен шекарасын күшейткен болатын. Жергілікті полиция соңғы апталарда шекараны заңсыз өткен Ауғанстанның мыңдаған азаматын ұстаған болатын. БҰҰ босқындар агенттігі жыл аяғына дейін жарты миллиондай ауғандық елден кетуі мүмкін деп мәлімдеп, барлық көрші елді шекараларын ашық ұстауға шақырды.