Миланда 16 қабатты үй өртеніп кетті

Италияның Милан қаласында 16 қабатты тұрғын үй тып-типыл жанып кетті.

Бірақ зардап шекккендер туралы ақпарат жоқ. Өрт сөндірушілер биіктігі 60 метр болатын ғимараттың ішіндегі тұрғындардың жартысын эвакуациялап үлгерген. Кей адамдар түтіннің иісін сезе салысымен өздері далаға шыққан. Алдын ала ақпарат бойынша көп қабатты тұрғын үйде 70 жанұя тұрған. Өрт ғимараттың 15-қабатынан шығып, сыртқы қаптамадан тез тараған. Бірақ оттың неден тұтанғаны белгісіз.