Жаңа Орлеан қаласы Ида дауылының кесірінен жарықсыз қалды

АҚШ-тың Луизиана штатында Ида дауылы ойран салып жатыр.

Небәрі бірнеше сағат ішінде желдің жылдамдығы сағатына 72 шақырымнан 230 шақырымға дейін жетті. Ал билік қауіпті аймақтардан халықты эвакуациялап үлгірмеген. Мамандар Ида штат тарихындағы ең алапат дауылдың бірі деп ескертеді. Күшті жел кесірінен Миссисипи өзенінде ағыс бағыты өзгерген.

Айта кеткен жөн, осыдан тура 16 жыл бұрын осы Луизианадағы Жаңа Орлеан қаласында Катрина дауылы ойран салған еді. Ол кезде дамба жарылып, шаһарды су басқан. Табиғат апатынан 1800 адам опат болған еді. Қала билігі бұл жолы да су басу қаупі барын ескертеді. Сондықтан тұрғындарға көмек күтпей, өз бетінше эвакуациялануға кеңес берілді. Соңғы мәлімет бойынша қазір бүкіл Жаңа Орлеан қаласы жарықсыз отыр.

Джон Белл Эдвардс, Луизиана штатының губернаторы:

- Жағдай сағат санап өзгеріп жатыр. Метеорологтар Иданың өңір тарихындағы ең алапат дауылдардың бірі екенін айтып отыр. Үйдегі ең қауіпсіз жерге жасырынғаныңыз жөн. Жел басылғанша не көмек келгенше, сол орында қала бергеніңіз дұрыс. Алдағы күндері штат халқы үшін ауыр кезең болғалы тұр.

Сондай-ақ...