Британияның ауыл шаруашылығы саласына жұмысшы жетіспей жатыр

Бұрын фермерлер маусымдық еңбекке негізінен Шығыс Еуропа елдерінің тұрғындарын жалдайтын. Алайда санитарлық шектеулерге байланысты шетелдіктердің Ұлыбританияға келуі қиындап кетті.

Ауылшаруашылық пен азық-түлік салаларының өкілдері үкіметті миграция ережелерін өзгертуге шақырды. Әйтпесе бұл ел экономикасына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Макдональдс жүйесі Ұлыбританиядағы  1250 дәмхананың ас мәзірінен сүт коктейльдерін алып тастады. Жүк көлік жүргізушілері жетіспейтіндіктен сүтті жеткізе алмай отыр. Ал Нандос жүйесі құс етінің тапшылығына байланысты 50 сауда орынын уақытша жабуға мәжбүр болды. «Ки-Эф-Си» өкілдері де мәзірінен кейбір тағамдарды алып тастауы мүмкін екенін ескертті. Супермаркеттер сөрелерінде де кейбір өнімдер жоғалып кетті.

Том Брэдшоу, Ұлттық фермерлер одағының вице-президенті:

- Фермаларда доңыз қаптап кетті. Себебі соятын қасапшы жетіспей отыр. Апта сайын 15 мыңға жуық шошқа артылып жүр. Құс етін жеткізу жүйесінде де осындай жағдайды байқап отырмыз. Оны өңдейтін мамандар жетіспейді.