Мексикада Нора дауылы су тасқынына ұласты

Мексиканың орталық-батыс бөлігіне Нора дауылы соғып, көп елді мекенді су басып жатыр.

Сағатына 110 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел талдар мен электр бағаналарын құлатып, бірқатар өңір жарықсыз қалған. Кей жерлерде өзендер тасып, көпірлерді су шайып кеткен. Пуэрто-Вальярта курортында тасқын шағын қонақ үйді қиратып, 13 жасар бала жоғалып кетті. Өзге жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір дауылдың екпіні саябырлап, апаттың салдарымен күрес жүріп жатыр.