Кабулда АҚШ әуе шабуылынан қаза тапқандар саны артты

Кабулда АҚШ әуе-әскери күштерінің зымыран шабуылынан қаза тапқандар саны 12 адамға жетті.

Арасында жасы 2-ден 10-ға дейінгі 5 бала бар. Құрбандардың көбі бір отбасының мүшелері.

Бұл туралы «Аль-Джазира» телеарнасы хабарлады. Бұған дейін 9 кісі көз жұмды деген ақпарат тараған еді. Ал жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша шабуыл салдарынан 2 көлік талқандалып, бір тұрғын үй жартылай қираған.