Солтүстік Корея Йонбендегі ядролық реакторды қайта іске қосқан болуы мүмкін

Солтүстік Корея Йонбендегі ядролық реакторды қайта іске қосқан болуы мүмкін. Бұл туралы Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік мәлім етті, деп хабарлайды Хабар 24.

Ұйымның болжауынша, нысанда шілде айынан бастап күдікті жайттар байқалған. Сарапшылар Пхеньян ядролық қару жасау үшін плутоний өндірісін қолға алған болуы мүмкін дейді.

Айта кетейік, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Йонбендегі ядролық реакторды 2018-ші жылы жабуға уәде еткен. Оған дейін де бұл нысан бірнеше рет тоқтатылып, қайта іске қосылған.