Индонезияда мектептер қайта ашылды

Бір жылдық үзілістен кейін Индонезия астанасындағы мектептер қайта ашылды.

Енді арнайы тексеруден өткен 610 оқу орны оқушыларға дәстүрлі форматта сабақ береді. Бірақ бәрі қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс. Атап айтқанда, мектептегі бала саны 50 проценттен аспауы керек. Сондықтан оқушылар 2 ауысыммен оқиды. Бұдан бөлек, сыныпта сөйлесуге тыйым салынған және міндетті түрде маскакиюі керек.

Айта кетейік, өткен тәулікте Индонезияда 7 мыңнан астам азамат коронавирус жұқтырған. Бұл – 9 маусымнан бергі ең төмен көрсеткіш.