АҚШ-та «Ида» дауылынан қаза тапқандар саны артуы мүмкін

АҚШ-тың Луизиана мен Мисисиппи штаттарында жексенбі күні соққан «Ида» дауылының салдарымен күреске төтенше жағдай қызметінің 3 жарым мыңнан астам маманы мен аймақтардағы Ұлттық гвардия толығымен жұмылдырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сағатына 240 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел қос аймақтың астан кестенін шығарып, 2 миллионға жуық адам электр энергиясыз қалды. Ағаштар мен электр бағаналарын құлатып, үйлердің шатырларын ұшырып, жолындағыны тас талқан еткен. Табиғат апатынан 1 адам көз жұмған. Бірақ жергілікті билік құрбандар саны артуы мүмкін деп отыр. Көп жерде ауыз су тапшылығы туындаған. Дауылмен бірге жауған жаңбырдан көп елді мекенді су басып жатыр.

Теофил Чарльз, тұрғын:

– Дауылдан үйімнің төбесі опырылып құлап, іші тас-талқан болды. Жиһаздар мен техника түгел қирап қалды. Қазір өзіммен бірге киім-кешек салынған мына сөмкем ғана қалды. Енді қайда барарымды білмеймін.

Сондай-ақ...