425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасы жабық екенін мәлімдеді

  • 121
  • UPD: 11:16, 31.08.2021
Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасы жабық екенін мәлімдеді

Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы шекара толығымен жабық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал «Термез» бақылау тексеру бекеті арқылы адамдар өтіп жатқан жоқ. Және жуық арада оны ашу көзделмеген. Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі көрші ауған мемлекетімен шекараға қатысты осылай деп мәлімдеді. Себебі ғаламторда Өзбекстан Ауағанстаннан қашқан босқындар үшін шекарасын ашуға дайын деген ақпар тараған.

Айта кетейік,  Өзбекстан бірқатар мемлекетке Кабулдан азаматтарын эвкуациялауға қолдау көрсеткен. Бірақ өзге елдердің гуманитарлық операциясы тек әуе жолымен жүзеге асырылған. Ресми Ташкент Ауғанстанның ішкі істеріне араласпау саясатын ұстанатынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы