423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Перуде қайық апатынан мерт болғандардың саны артты

  • 105
  • UPD: 11:20, 31.08.2021
Перуде қайық апатынан мерт болғандардың саны артты

Перудің Уальяга өзенінде қайық пен кеме сүйрететін баржаның соқтығысынан мерт болғандар саны 20 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған дейін 12 кісі көз жұмды деп хабарлаған болатынбыз. Сонымен бірге 50 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Оқиға кезінде қайықта 60 ересек және 20 бала отырған. Әзірге апат себебі белгісіз. Оқыс оқиға орнына елдің Қорғаныс министрі келді. Мамандар жоғалғандарды іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы