Калифорния штатында орман өртінен 30 мың адам эвакуацияланды

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртіне байланысты Эль-Дорадо округінен 30 мың адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тамыз айының ортасында тұтанған қызыл жалын қазірге дейін 700 шаршы шақырым жерге жайылған. Тіпті, елді мекендерге жақындап, Тахо көлі маңайындағы курорттық аймақтарға қауіп төндірді. Апат аймағындағы барлық ұлттық саябақтар жабылды. Салдарынан тас жолдарда көліктер көбейді. Қазір тілсіз жаумен мыңдаған өрт сөндіруші күресіп жатыр. Алайда олар жалынның тек 15 процентін өшірді.  

Джеймс Дезири, тұрғын:

– Өрттің жақындап қалғанын естідік. Барлық қажетті заттарымызды салып, көшуге дайындалып қойдық. Көшу туралы хабар жетсе болды, бірден жолға шығамыз.

Сондай-ақ...