Табиғи апаттар адамзатқа қатер туғыза бастады

Әлемді үйіріп тұрған ковид пен соғыс ғана емес. От пен су да етектен алып тұр. Табиғат апаттарының көбейіп, өзгеше сипат алуы адамзат баласына қатер туғыза бастады. 

АҚШ-тың Луизиана штатында "Ида" дауылы ойран салды. Апаттан 2 адам опат болды. 2 миллионға жуық тұрғын жарықсыз қалды. Көп жерде ауызсу тапшы. 400 мыңдай тұрғыны бар Жаңа Орлеан қаласында да осындай жағдай. Қазір мамандар қауіпті аймақтарда тұратын тұрғындарды алып шығуға тырысып жатыр. Ел президенті зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін жеткізді.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

- Бәрі жақсы болсын деп тілейік. Өңірге 100-ден жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды. Қызыл крест және өзге де ұйымдармен уақытша баспана ұйымдастыру мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Мен Луизиана және Миссисиспи штаттарында төтенше жағдай жариялау туралы құжатқа қол қойдым.

Осыдан тура 16 жыл бұрын дәл осы Луизианадағы Жаңа Орлеан қаласында Катрина дауылы ойран салған еді. Ол кезде дамба жарылысына шаһарды су басып, 1800 адам опат болған еді. Мамандардың айтуынша, Ида дауылы жойқындығы жағынан Катринадан асып түспесе, кем соқпайды. Себебі желдің күшті болғаны соншалық Миссисипи өзенінің ағысы өзгеріп кеткен.

Теофил Чарльз, тұрғын:

- Дауылдан үйімнің төбесі опырылып құлап, іші тас-талқан болды. Жиһаздар мен техника түгел қирап қалды. Қазір өзіммен бірге киім-кешек салынған мына сөмкем ғана қалды. Енді қайда барарымды білмеймін. 

АҚШ-тың бір штаты су астында қалса, енді бірін алапат өрт әбігерге салып жатыр. Калифорнияда штатында қызыл жалын қазірге дейін 700 шаршы шақырым жерге жайылған. тіпті елді мекендерге жақындап, Тахо көлі маңайындағы курорттық аймақтарға қауіп төндірді. Осыған байланысты жергілікті жұрт аймақтан жаппай қашып жатыр. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, алапат өрт 20 мыңдай үйді тып-типыл етуі мүмкін. 

БЛИЦ: 

- Мен осында тұрамын. Бірақ аймақ қауіпті болғандықтан көшуімізге тура келді. 

- Бәрін тастап кетуге мәжбүрміз. Тек эвакуация кезінде керек болып қалуы мүмкін деген заттарды ғана өзімізбен бірге алып барамыз.

Бұл Мексиканың орталық батысында болған Нора дауылының салдары. Табиғат апатынан өзендер тасып, көпірлер қирап жатыр. 7 кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Өкініштісі, алдағы уақытта аймақтағы жағдайдың одан сайын ушығатын түрі бар. Себебі синоптиктер алда жауын жаууы әбден мүмкін деп ескерту жасап жатыр.

Сондай-ақ...