425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ОАР-да мутациясы жоғары жаңа штамм анықталды

  • 103
  • UPD: 23:20, 31.08.2021
ОАР-да мутациясы жоғары жаңа штамм анықталды

Оңтүстік Африка Республикасында жоғары мутациялы жаңа штамм анықталды.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын жергілікті мамандар хабардар еткен.

Ғалымдардың пайымдауынша, бұл вакциналардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Жаңа штамм Африканың бірнеше еліне, сонымен қатар Швейцария, Португалия, Ұлыбритания, Қытай мен Жаңа Зеландияға да тараған. Негізі осы Оңтүстік Африка Республикасында биыл қаңтарда коронавирустың жаңа штамы анықталған еді. Оған «бета» деген атау берілген. Мына вирус сол «бетаның» бір мутациясы саналады.

Хабар 24 телеарнасы