Тәліптер жаңа үкімет құруға кірісті

Ауғанстандағы билікті басып алған «Талибан» қозғалысы үкіметті жасақтауды бастады.

Ақпарға қарағанда, жаңа үкіметтің бірқатар министрі белгілі болған. Мысалы, Қорғаныс министрі болып осы қозғалысты құрған молда Якуб Ахунд тағайындалса, Сыртқы істер министріне молда Абдул Гани Барадар бекітілген. Бұдан бөлек тәліптер Ішкі істер министрлігін басқаратын тұлғаны да анықтап қойған. Ал Си-Эн-Эн телеарнасының хабарлауынша, Ауғанстандағы билік Ирандағы басқару формасына ұқсайтын болады.

* Еске сала кетсек, «Талибан» ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.