Перуде автобус апатынан 29 адам көз жұмды

Перуде Анд тауларындағы күре жолда автобус апатқа ұшырап, 29 адам ажал құшты. Бұл жол орталық таулы аймақты ел астанасы Лимамен байланыстырады.

Қайғылы оқиға Матукана қаласының маңында таңғы уақытта болған. Көлікте жалпы 63 жолаушы келе жатқан. Әзірге атвобустың не себептен құлағаны белгісіз. Анд тауларында жол апаты жиі болады. Бірер күн бұрын ғана осы елде тағы бір автобус жартастағы жолдан құлап кетіп, 16 тұрғын көз жұмған еді.

Клинтон Басило, зардап шегуші:

– Автобус арлы-берлі қиқаңдай бастады. Жолаушылар жүргізушіге «Тоқта!» деп шу ете қалды. Сосын аударылып, автобустың ішінен жерге ұшып түстік. Бізге ешкім көмекке келмеді.