425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еуроодақта халықтың 70% вакцина алған

  • 109
  • UPD: 10:05, 01.09.2021
Еуроодақта халықтың 70% вакцина алған

Еуроодақ иммундау бойынша алға қойған міндетті орындады.

Мұнда қыркүйектің басына дейін халықтың 70 проценті коронавируса қарсы екпе салдыру керек болатын. Енді, міне, сол көрсеткішке қол жеткізілді. Одақтың 258 мың тұрғыны екпенің екі дозасын да алған. Мұнда вакциналау науқаны былтыр желтоқсанда басталған еді. Иммундау бойынша жақсы нәтиже көрсетіп отырған елдердің қатарында Португалия, Испания, Дания мен Франция бар. Ал «антирейтингтің» басында Румыния мен Болгария тұр. Бұл екі мемлекетте екпе алғандар саны халықтың үштен біріне де жетпейді.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еуропалық комиссияның президенті:

– Бұл біз үшін үлкен жетістік. Бірге әрекет етсек, қолдан бәрі келетінін көрсетттік. ДЕсе де босаңсуға әлі ерте. Өйткені пандемия аяқталған жоқ. Екпені мүмкіндігінше көп адамның алғаны дұрыс. Сонда короанавирстың жаңа толықының алдын алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы