Сауд Арабиясындағы әуежайға дронмен шабуыл жасалды

Сауд Арабиядағы Абха қаласының әуежайына дронмен шаубыл жасалып, 8 адам жарақат алды.

Ресми Эр-Рияд шабуылды Йемендегі хусит бүлікшілері жүзеге асырды деп отыр. Елдің әуе қорғаныс күштері дрондарды атып түсірген. Бірақ жарылыстан бірнеше адам жарақат алып, ұшу алаңында тұрған бір ұшақ пен әуежай ғимараты бүлінген. Бұл осы әуежайға соңғы екі күнде жасалған екінші шабуыл. Ол кезде Сауд Арабиясының әуе қорғанысы дрондарды әуежайға жеткізбей атып түсірген.